kk
kk

БҰҰДБ Маңғыстау Жастарына Арнап Креативті Стартаптарды Дамыту Және Жеделдету Бойынша Кәсіпкерлік Дағдыларды Дамыту Бағдарламасын Іске Қосты

Бүгін Ақтау қаласындағы Yessenov University алаңында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау облысының жастарына арналған креативті индустриялар саласындағы стартаптарды дамыту және жеделдету бойынша кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бағдарламасы іске қосылды. ✨
Бұл бастама БҰҰДБ-ның Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында тұрақты қауымдастықтарды нығайтуға арналған, Жапония үкіметі қаржыландыратын жобасы аясында жүзеге асырылуда. 🇯🇵🇺🇳
Бағдарлама аясында Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеуден келген қатысушылар бір ай бойы креативті кәсіпкерлікке қатысты дағдыларды меңгереді. Оқу бағдарламасы бизнес-жоспар әзірлеу, идеяларды ұсыну, цифрлық маркетинг құралдары, қаржылық менеджмент, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ креативті индустрияларда технологиялар мен инновацияларды қолдану сияқты тақырыптарды қамтиды. 💼

Толығырақ оқыңыз: https://www.undp.org/…/buudb-mangystau-zhastaryna-arnap…

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like