Инновация мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған заманауи алаң. Орталық жас кәсіпкерлерге, стартаптарға және кәсіптік жобаларға қолдау көрсету арқылы аймақтық экономиканың өсуіне үлес қосады.
Жаңа идеяларды қолдау және жүзеге асыруға көмек беру
Жастар мен тәжірибелі кәсіпкерлер үшін білім беру
Тренингтер мен менторлық бағдарламалар ұйымдастыру
Қызметтер:
Каспий кәсіпкерлік орталығы кәсіпкерлерге ұсыатын қызметтері
Стартаптарды дамыту бағдарламалары
бұл инновациялық идеялары бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған бастамалар жиынтығы.
Оқыту және тренингтер
кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға арналған семинарлар мен курстар.
Бизнесті жоспарлау және жүргізу бойынша кеңестер
кәсіпкерлікке қатысты маңызды мәселелер бойынша кәсіби кеңес беру.
Менторлық қолдау
тәжірибелі мамандардан бизнесіңізді дамытуға арналған бағыт-бағдар алу.
Инвестиция тартуға көмек
инвесторлармен байланыс орнатып, жобаларға қаржыландыру тарту
Желілік байланыстар және серіктестік
кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған іс-шаралар ұйымдастыру.
Студенттердің стартапы
BIT STORM
Дәрігерлер мен пациенттерге арналған цифрлық платформа
Eco361
Экологиялық мониторингке арналған мобильді қосымша
DeadEND
Заттарды бірлесіп пайдалануға арналған қосымша
kublitter
Саяхаттауға арналаған қауіпсіз және ақылды карта.
Глоссарий
Стартап дегеніміз не?
Стартап – бұл жаңа бизнес-идеяны іске асыруға бағытталған, әдетте аз қаржылық ресурстармен және үлкен өсу әлеуетімен ерекшеленетін компания. Стартаптар инновациялық өнімдер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында құрылып, даму жолында қаржылық немесе стратегиялық қолдауды қажет етеді.
Бизнес-инкубатор дегеніміз не?
Бизнес-инкубатор – бұл жаңа және бастауыш кәсіпкерлерге өз бизнесін бастап, дамытуға көмектесетін ұйым. Инкубаторлар кәсіпкерлерге кеңес беру, ресурстарды қамтамасыз ету, офис-жайлар мен қаржыландыру мүмкіндіктері сияқты қызметтер ұсынады.
Акселератор дегеніміз не?
Акселератор – бұл стартаптарға арналған бағдарлама, оның мақсаты – оларды жылдам дамыту. Акселераторлар әдетте қысқа мерзімде (3-6 ай) бизнестің өсуін жеделдету үшін қаржылық көмек, менторлық қолдау, білім беру және желілік байланыстар ұсынады.
Венчурлық капитал дегеніміз не?
Венчурлық капитал – бұл стартаптар мен инновациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсету үшін инвестициялауға дайын жеке инвесторлар немесе қорлар. Олар жоғары тәуекелмен жұмыс істейді, бірақ стартаптың үлкен табыс әкелуін күтіп, қаржылық көмек береді.
Краудфандинг дегеніміз не?
Краудфандинг – бұл көптеген адамдардан немесе ұйымдардан интернет арқылы шағын сомалар жинап, жобаны немесе стартапты қаржыландыру әдісі. Краудфандинг платформалары бизнес-идеялар мен шығармашылық жобаларды қаржыландыруға арналған.
YESSENOV TECHNOPARK
Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, Бас ғимарат Индексі 130000