kkruen
kkruen

БҰҰДБ креативті кәсіпкерлік бойынша Demo Day өткізді: 15 перспективті бизнес-жоба ұсынылды

12 қазанда Ақтаудағы Yessenov University алаңында біз Demo Day өткіздік, онда Ақтау, Бейнеу және Жаңаөзеннен келген Creative Mangystau креативті кәсіпкерлікті оқыту бағдарламасының қатысушылары әзірлеген 15 креативті жобаны инвесторлар мен сарапшыларға ұсынды. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.
Біз жобаны іске қосқан кезде Маңғыстау облысында креативщиктер жеткіліксіз болуы мүмкін немесе осы тақырыпта өңірлерде Алматыға немесе Астанаға қарағанда мұндай жобаны ерте өткізу мүмкін деген қорқыныш болды. Маңғыстау жастары біздің қателескенімізді дәлелдегеніне қуаныштымын! Өте күшті жобалар, керемет идеялар, жақсы презентациялар. Мен үшін өте маңызды көрсеткіш – Жаңаөзеннен келген қатысушы конкурстың жеңімпазы атанды, ал үшінші орынды Бейнеуден шыққан жоба алды. Жастар барлық жерде талантты және күшті потенциалға ие, оларға тек мүмкіндіктер жасауымыз керек.
Жобалар қолөнер өндірісі, музыка, маркетинг, контент шығаруы, дизайн және сәулет сияқты креативті экономиканың салаларын қамтыды. Қатысушылар жергілікті және халықаралық нарықтарға бағытталған инновациялық идеяларын көрсетті. Әрбір жобаны Сараптамалық қазылар алқасы бағалады, оның құрамына бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Жобаны іске асыруға 500 мың теңгеден бас жүлде мен бірінші орынды Жаңаөзеннен келген қатысушы Қамшат Нұрғали қолдан жасалған тафтинг кілемдерін өндіру жобасымен жеңіп алды. Екінші орынды және Ақтаудағы Риксосқа жолдаманы Ақтаудың тұрғындары Мадина мен Жұлдыз Космағанбетованың ұлттық стиліндегі дизайнерлік киімдерді өндіру жобасы иеленді, ал үшінші орынды және 50 мың теңге жүлдесімен Қыш өнері мектебін құру жобасымен Бейнеу қаласынан келген Асланбек Сәрсенғалиев және ұлттық қазақ ою-өрнектері бар дизайнерлік тұсқағаздар шығару жобасымен Ақтау қаласынан келген Зарина Баянғалиева марапатталды.
Презентациялар инвесторлар арасында айтарлықтай қызығушылық тудырып, өңірдегі креативті кәсіпкерліктің одан әрі өсуіне жаңа перспективаларды ашты. Demo Day қорытындысы бойынша екі жоба – шағын кәсіпкерлерге арналған маркетинг курстары жобасымен Шынар Ермекбаева және Digital-art студиясын құру жобасымен Айқоркем Қозыбай — инвесторлардан іске асыруға қаржыландыруды ұтып алды. Бұл Demo Day Маңғыстау облысының жастары арасында креативті индустриялар саласында кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және стартаптарды жеделдетуге бағытталған білім беру бағдарламасының финалы болды. Жыл соңына дейін Creative Mangystau трекерлері қатысушылармен жобаларды жетілдіру жұмыстарын жалғастырып, бастамаларды іске асыруды бастауға көмектеседі.
Жүлде қорына «Mediana Services Limited», «Rixos Water World Aktau and Tetysblu» компаниясы, «Түпқараған жастары» қоғамдастығы, «EcoWasteAqtau» және «Barista Coffee» компаниялары үлес қосқандығын, жобаның бүкіл командасыны қарқынды жұмысын, және Маңғыстау облысы әкімдігі мен Есенов университетінің жалпы қолдауын атап өтуім қажет, оларға мың алғыс!
Бастама БҰҰДБ-ның Жапония үкіметі қаржыландыратын «Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу үшін қоғамдастықтың тұрақтылығын және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуы» жобасы шеңберінде іске асырылды.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like