kkruen
kkruen

Саясат Нұрбек Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

22 сәуір күні Yessenov University президенті Берік Ахметов техникалық ойлауды дамыта отырып, ғылыми-техникалық қызметтің әртүрлі салалары бойынша білім алатын болашақ инженерлердің, технологтардың, IT-мамандардың өсуі мен жетілуіне жағдай жасау мақсатында Yessenov Technopark құрылысының жобасын таныстырды.
Технопарк зертханалары студенттерге ғана емес, қала тұрғындарына да ашық және қолжетімді болады. Екі қабатты кешен заманауи техниканың 80-нен астам түрімен, түрлі жабдықтармен, жаңа бағдарламалары бар компьютерлермен жабдықталады және жинақталады.
Технопарк ғимаратын салу жоспарланған жерде ескерткіш тас орнатылып, «уақыт капсуласы» төселді. Есенов университетінің 100 жылдық мерейтойына орай 2076 жылы жасанды интеллектке, студенттерге, профессор-оқытушылар құрамына Жолдауы бар капсуланы ашу жоспарлануда. Капсуланы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, министр Саясат Нұрбек және университет президенті Берік Ахметов салды.
Сонымен қатар, қонақтарға жылыжай, жасыл технологиялар орталығындағы тұзсыздандыру қондырғысы, теңіз академиясының үш қабатты ғимаратының құрылысы, академиялық шеберлік орталығы және жаңа стадион жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, облыс әкімі жастарға арналған Болашақ саябақтың аумағына алғашқы ағаштарды отырғызды.

 

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like