kkruen
kkruen

Computer Science & Artificial Intelligence факультетінде бизнесті цифрландыруға арналған info session өтті

2026 жылғы 6 ақпанда Technopark аумағындағы meeting room-да Computer Science & Artificial Intelligence факультетінің ұйымдастыруымен бизнесті дамыту және цифрлық трансформация тақырыбында ашық info session өтті.

Іс-шараның негізгі спикері — бизнес-спикер, digital-интегратор және Business Hub стратегиялық серіктесі Абылай Таласбаев болды. Кездесу барысында спикер бизнес-цифрландыру, гранттық бағдарламалар, стартаптарды инкубациялау, сондай-ақ ұзақмерзімді инвестициялық модельдер туралы практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Info session студенттер мен жас кәсіпкерлерге бизнес-процестерге IT-шешімдерді енгізу, өсу стратегияларын құру және нақты жобалармен жұмыс істеу бойынша пайдалы білім берді.

Іс-шараға бизнес, стартап, цифрландыру және инвестиция саласына қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, өз идеяларын талқылауға мүмкіндік алды.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like